Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
БИН 970140001369 Қазақстан Республикасы 110012, Қостанай қ., Дружба т.а., Школьная к-сі, 1 «а»
Тел./факс: 25-88-60
e-mail: dossh@kst-goo.kz
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ДРУЖБА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Жаңалық» мектепшілік ғылыми конференциясын өткізу қорытындысы

 

Дружба жалпы білім беретін мектебінің 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 11 наурызда мектепте «Жаңалық» оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

«Жаңалық» ОҒҚ мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, тәрбиелеу және қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғам мүшелеріне зерттеу біліктерін, ғылымға қызығушылықты дағдыландыру.

Осы мақсатта мынадай міндеттер шешілді:

- оқушылардың білім деңгейін арттыру;

- қоршаған ортаны зерттеу және сақтау мәселелерін шешу бойынша білім алушылар мен ұйымдардың шығармашылық байланыстарын орнату.

Конференция жұмысы 2 секция бойынша өтті: бастауыш сынып білім алушылары секциясы, орта буын секциясы.

Бастауыш сынып секциясына 6 зерттеу жұмысы ұсынылды. Білім алушылар өз жұмыстарында жәндіктер туралы, қазақтың ұлттық өнімі құрттың пайдасы, қазақ суретшісі Ә.Қастеевтің картиналары туралы, компьютердің пайдасы мен зияны туралы әңгімеледі.

Жұмыстарды талдай отырып, жұмыстардың көпшілігі қандай зерттеу схемасына негізделгені туралы мынадай тұжырымдар жасалды: тақырып бойынша ақпаратты іздеу және зерттеу, әлеуметтанулық зерттеу және тақырып бойынша нәтижелерді өңдеу, қорытындылар. Тікелей сараптама жүргізілген жұмыстар айтарлықтай аз болды, сараптамалық негізбен                       сынып жетекшісі А.Б. Досмағамбетова болып табылатын 2 «Ә» сынып білім алушысы Марат Әйзере мен сынып жетекшісі С.Р. Кожирова болып табылатын 3 сынып білім алушысы Жолдыбай Абылайханның жұмыстарын атап өткім келеді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жұмыстардың ішінде 3 жұмыс ұсынылды: жаратылыстану пәні, химия және геометрия. Химия бойынша жұмыста 7 сынып оқушысы Шахин Данил табиғи суларды сапалы талдау туралы айтты, жетекшісі О.А. Стасенко.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жұмыстардың ішінде 5 зерттеу жұмысы ұсынылды, онда 8 сынып оқушысы Өмірханова Лунара қазақтың ұлттық әшекейлерінің тәрбиелік құндылығы туралы мәселені зертеген, жетекшісі Д.С. Сулейменова.

«Жаңалық» мектеп ғылыми конференциясында жұмыстарды бағалау және балдарды есептеу критерийлеріне сәйкес қазылар алқасы мынадай нәтижелерді берді:

 

Білім алушылардың ТАӘ

Сынып

Жоба тақырыбы

Орын

Мұғалімнің ТАӘ

Шопанов Амир

8

  Геометрия в огранке драгоценных камней

2

Рязяпкина Л.М.

 

Омирханова Лунара

8

Мағжан Жұмабаевтың                       “Шолпы» өлеңіндегі шолпының

түрлері және тәрбиелік мәні

2

Сулейменова Д.С.

Туленова Ясмин

5

А у вас есть кот?!

3

Гаан В.А.

                                      Бастауыш сынып секциясы:

 

Орта буын секциясы

Білім алушылардың ТАӘ

Сынып

Жоба тақырыбы

Орын

Мұғалімнің ТАӘ

1

Ямалтдинова Ида

Насекомые. Какие они?

1

Кузембаева Л.А.

2

Абенова Саним

По страницам истории в творчестве

А.Кастеева

2

Сухинина С.В.

3

Жолдыбай Абылайхан

3

Натуральный мед-залог здоровья и энергии

2

Кожирова С.Р.

4

Агитаев Илияс

1 Ә

Қазақтың ұлттық тағамы -  құрт

3

Нургазина Н.О.