Пиротехника қолданғанда қауіпсіздік ережелері
Жаңа жыл мерекелері - бұл мерекелік көңіл-күй, жарқын шамдар, қуаныш, күлкі, көңілділік және сиқырлы сәтті күтумен байланысты уақыт. Балалар петардаларды жарып, фейерверктермен ойнайды, ал ересектер «артиллериялық» пиротехниканы қолданады.
Мерекелерді күтпеген оқиғалар - күйіктер мен басқа да жарақаттармен немесе өрт сөндірушілерді шақыруға мәжбүр етуімен бұзбау үшін, тек бірнеше қарапайым ережені есте сақтау және отпен абайлап жұмыс істеу жеткілікті.
Қауіпсіздікті сақтау үшін келесі шараларды орындау маңызды:
•Жаңа жылға арналған пиротехниканы тек лицензиясы бар сатушылардан сатып алу қажет, оларда тиісті өнімге сапа сертификаттары болуы тиіс.
•Фейерверктерді қолданбас бұрын, пиротехникалық заттың пайдалану нұсқаулығын мұқият оқу қажет.
•Балалар кез келген пиротехникалық затты қолданғанда қосымша сақ болу керек және бұл тек ересектердің қасында ғана жүзеге асуы тиіс.
Балалардың отпен ойнауы
Оперативтік қызметтердің мәліметтері бойынша, балалардың (мектепке дейінгі және мектеп жасындағы) өлімі мен жарақаттануы көбінесе келесі себептерден болады: өрт шығуы, жол қозғалысы ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ойындар немесе жұқа мұзда конькимен жүру.
Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ата-аналар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті.
Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
•Баламен әңгімелесіп, өмірін сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
•Балалардың сіріңке, шырақ сияқты заттарға қызығушылығын байқасаңыз, оларға оттың бақылаудан шыққан жағдайда қаншалықты қауіпті екенін, дұрыс қолданбаса қандай зардаптар туындайтынын түсіндіріңіз;
•Күнделікті тұрмыста, көшеде және жолда дұрыс мінез-құлықтың жеке үлгісін көрсетіңіз;
•Күн ішінде баланың қайда екенін білу маңызды: бала ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс;
•Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, олардың уақытын бақылаңыз;
•Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, соның ішінде электроқондырғылардың, пеш қондырғыларының жағдайын қадағалаңыз;
•Шұғыл жағдайларда қоңырау шалыңыз:
o101 - Өрт қызметі
o102 - Полиция
o103 - Жедел жәрдем
o104 - Газ қызметі
Құрметті ата-аналар!
Балаларды өз бетімен қалдыру, оларды сіріңкемен ойнауға мүмкіндік беру өрттердің себепшісі болатынын есте сақтаңыз. Сонымен қатар, тек тыйым салумен шектелмей, балаларға отпен ойнаудың қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін сендіріп түсіндіру қажет.
Балаларға сіріңке - ойыншық емес екенін үнемі түсіндіріңіз; бұл өте қажет және пайдалы зат болса да, балалар ойындарына мүлдем жарамайды.
Құрметті ата-аналар!
Қазақ тілінің толыққанды қолданылуын және дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тілде оқитын оқушылар контингентін ұлғайту бойынша жұмыс жүзеге асырылады.
2023 жылға дейін төртінші жыл қатарынан мемлекеттік тілде оқытатын бірінші сыныпқа білім алушыларды қабылдау жүзеге асырылуда.
Барлық сұрақтар бойынша Дружба ЖББМ-не телефон арқылы хабарласуға болады: т. 25-88-60
16, 17, 18, 19 мамырда қала мектептерінде төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық бойынша жаттығулар өтеді.
•ҚР Премьер-Министрі А.А.Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, оқыту-жаттығулары өткізіледі.
•Оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің іс-қимыл алгоритмі пысықталатын болады, қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру; Техникалық құралдардың жұмыс істеуін тексеру.
•Оқу-жаттығуға төтенше жағдай, полиция департаменті, арнайы қызмет қызметкерлері тартылуы мүмкін.
Оқу-жаттығулар кестеге сәйкес, белгілі бір уақытта өткізіледі.
• Оқу-жаттығу кезінде барлығынан тыныштық сақтауды сұраймыз.

Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылдың 19 сәуірінде қаланың білім беру жүйесінде білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша Бірыңғай ашық есік күні өтетінін хабарлайды.
Сіздерді Алтынсарин көшесі – 109, қалалық балалар шығармашылығы мектебінің 1 қабатында сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін күтеміз.
Мұнда білім саласының өкілдеріне өз сұрақтарыңызды қойып, оларға толық жауаптар ала аласыз.

Өмірлік қиын жағдайда қалған балалар мен ата-аналардың назарына! Егер сіз соңғы күндері не болғандығы туралы сөйлескіңіз келсе, психологиялық көмек қажет болса, тәулік бойы анонимді сенім телефонына қоңырау шалсаңыз болады. Сіз өзіңіздің қасіретіңізбен бөлісе аласыз және сізге міндетті түрде көмектеседі.
8-7142-37-08-58
8 708 087 42 01

Құрметті ата - аналар!
Суық ауа райының басталуымен, су объектілері қата бастаған кезде жазатайым оқиғалар бола бастайды. Осыған байланысты, балаларыңызға көңіл аударып, жұқа мұзға шығу қаупі туралы айтыңыздар. Балаларыңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыздар. Күзгі - қысқы кезеңде балалардың су айдындарында болуына және өтуіне жол бермеңіздер. Әсіресе мұз ойындары өте қауіпті!
Құрметті ересектер! Балаларға назар аударыңыздар, олардың мұзға шығу әрекеттерін тоқтатыңыздар, ұқыпсыздық қайғылы жағдайға айналуы мүмкін!
Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін бірнеше қарапайым ережелерді білу және сақтау жеткілікті. Парақшаларды қараңыздар
Күзгі демалыстағы тәртіп ережелері.
Күзгі демалыс кезінде мінез-құлық бойынша негізгі ережелерді
есте сақтау қажет:
- Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқият болу керек.
- Велосипедпен жүру кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз. Сіз тек аулада, спорт алаңында немесе саябақта велосипедпен жүре аласыз - сонда ғана қауіпсіз боласыз.
- Роликтіконькилерді, скейтбордтардыжолдыңарнайыпайдалануғаарналмағанжерлердесырғанауғаболмайтынынестесақтаңыз.
- Бөтен (бейтаныс) адамдарменсөйлеспеңіз. Үйдежалғызқалғандабейтанысадамдарғаесікашпаңыз.
- Қараңғыжерлерде, құрылысалаңдарында, бос жерлердежәнеқараусызқалғанғимараттарда, теміржол мен автомобиль жолыныңжанындаойнамаңыз.
- Әрқашаната-анаңызғақайдабаратындығыңыздыайтыңыз.
- Ересектердіңқарауынсызжәнеата-аналардыңрұқсатынсыз су қоймаларына (өзендерге, көлдерге, су қоймаларына) бармаңыз.
- Су қоймаларыныңжанында бола отырып, суғакірмеңіз, жағалаудыңшетіндежүрмеңіз.
- Көшедесағат 22.00-ден кейінересектердіңқарауынсызжүругерұқсатетілмейді.
Құрметті ересектер мен балалар!
Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау жиі адамдардың өліміне және жарақаталуына әкеп соғады. Қараша мен желтоқсан аралығында, яғни тұрақты аяз басталғанға дейін мұзқатпайды. Кешкі немесе түнгі суықта қатқан мұз берік болса да, күндіз ол белгілі мөлшерде еріп, өз тығыздығын жоғалтады. Мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қараңыз!

