«Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі» КММ
Кіру
AA+
БИН 970140001369 Қазақстан Республикасы 110012, Қостанай қ., Дружба т.а., Школьная к-сі, 1 «а»
Тел./факс: 25-88-60
e-mail: dossh@kst-goo.kz
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі» КММ
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ДРУЖБА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
AA+

2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап мектеп директоры қызметіне Нұржанов Мұрат Тұрсынбайұлы тағайындалды. Мұрат Тұрсынбайұлы - заманауи көзқарастағы, тәжірибелі мектеп басшысы. Қазіргі заманғы басқарушыға тән қасиет ретінде оған мектепті дамыту және оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатында басқару тұжырымдамалары мен технологияларын шығармашылық тұрғыда қайта қарау тән.

Мектеп ұжымы жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді, сапалық құрам 46%-ды құрайды.
37 педагогтың ішінен:
Санаттар бойынша:
Педагог-зерттеуші - 4 (10,8%)
Педагог-сарапшы - 13 (35%)
Педагог-модератор - 12 (32,5%)
Педагог - 8 (21,7%)

Мектеп педагогтері кәсіби байқаулардың белсенді қатысушылары болып табылады.
Педагогтер біліктілікті арттыру курстарынан өту арқылы өздерінің кәсіби шеберлік деңгейін үнемі жетілдіреді, жұмыс тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, қалалық семинарлар мен коучингтер өткізеді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында өз іс-тәжірибелерін жариялайды.

Мектептің жалпы сипаттамасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің «Дружбин жалпы білім беретін мектебі» КММ заңды тұлға мәртебесіне ие және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асырады.

Мектептің заңды мекенжайы:
110001
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы, Дружба тұрғын алабы, Мектеп көшесі, 1 «А»

Байланыс телефоны: +7 (73142) 25-88-60
Web-сайт: https://mektepdrujba.edu.kz/ru/o-nas.html
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мектеп директорының орынбасарлары:
оқу ісі жөніндегі орынбасары - Сағитова Инара Бақытқызы
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Таутенова Аяна Кәкімжанқызы
әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары - Бекмагамбетова Алия Сансызбайқызы

Білім беру қызметін тұтынушылардың әлеуметтік сұранысын және педагогикалық ұжымның мүмкіндіктерін зерделеу негізінде мектептің негізгі мақсаты мен міндеттері анықталды:
• жалпыға міндетті білім беруді қамтамасыз ету;
• білім алушылардың денсаулығын сақтау;
• шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу және дамыту;
• жалпы орта білімнің жоғары сатысында бейіндік оқытуды жүзеге асыру;
• түлектерді қазіргі заман жағдайында өмір сүруге дайындау;
• түлектерді жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға даярлау.

Мектептің жұмыс режимі - бес күндік оқу аптасы.
Оқу екі ауысымда жүргізіледі.
Білім алу нысаны - күндізгі, үйде оқыту.

2025-2026 оқу жылының басындағы сыныптар саны: 20 сынып-комплекті және мектепалды даярлықтың 2 сыныбы.

Оқу және тәрбие жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.