Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңының 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі" КММ мектеп асханасында 1. 03.2022 ж. бастап төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау жүйесі орнатылды. Мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын балалар үшін мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде төмендету көзделеді.