Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
БИН 970140001369 Қазақстан Республикасы 110012, Қостанай қ., Дружба т.а., Школьная к-сі, 1 «а»
Тел./факс: 25-88-60
e-mail: dossh@kst-goo.kz
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ДРУЖБА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

25 қазан ұлттық мереке болып бекітілген, Республика күні болып есептеледі. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Біздің еліміздің тәуелсіздігі осы күнен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті насихаттауға және нығайтуға өз үлесін қосады.

 Республика күніне орай Дружба ЖМ 17- 22 қазан аралығында мемлекеттік іс-шаралар өткізілді:

  • «Менің Отаным- Қазақстан» суреттер мен қабырға газеттерінің көрмесі
  • « Мен өз елімнің азаматымын» дебаты
  • «Атамекен» 2-4 сыныптар аралығында диктанттар байқауы
  • «Менің арманымдағы Қазақстан» 5-9 сыныптар аралығында Эссе байқауы
  • «25 қазан Республика күні» көңілді старты
  • «Қазақстан- туған елім, жерім!» сынып сағаты
  • «Қыран елім- қазағым!» салтанатты сап түзеуі

Эссе байқауының қорытындысы бойынша 1 орынды 6 сынып оқушысы Купеева Тамирис иеленді. Диктант жазу кезінде граматикалық ең жақсы білгірлері 2 «Ә» сынып оқушысы Мирманов Самир және 3 «А» сынып оқушысы Анна Лукина болды.

Барлық сынып оқушылары іс-шараларға белсенді қатысты. Мерекелік апта салтанатқа, қуанышқа , патриоттық көңіл- күйге толы болды.