25 мамырда Дружба жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты жиын дәстүрлі форматта өтті. Түлектер музыкалық нөмірлер дайындап, би билеп, мұғалімдер мен ата-аналарға алғыстарын білдірді. Мектеп директоры Талтакова Мадина Назаровна түлектерді, мұғалімдерді, ата-аналарды мерекемен құттықтап, мектеп үздіктеріне мақтау қағаздарын табыс етті