2020 жылдан бастап Қостанай қаласы білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында алғаш рет мемлекеттік тілде оқытатын сынып ашылды. Бүгінгі таңда мектепте мемлекеттік тілде оқытатын үш сынып, сондай - ақ МАД сыныбы бар. Мемлекеттік тілде оқытатын барлық сыныптар үшін оқушылар үй тапсырмасын орындайтын және қосымша сабақтар өткізетін ұзартылған күн тобы жұмыс істейді.
2023 - 2024 жылдары мемлекеттік тілде оқытатын сыныптарға қабылдау жоспарлануда.