Бос лауазымдарға орналасуға байқау өткізу туралы хабарландыру.
Байқауды өткізу мерзімі : 25.10.2023 жылдан 03.11.2023 жылға дейін
Байқау шарттары
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі» КММ Қостанай қаласы , Дружба т.а Школьная көшесі 1 «А» бос лауазымға орналасуға байқау өткізу туралы хабарлайды
- физика пәні мұғалімі
Байқау өткізу орны : Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Дружба жалпы білім беретін мектебі» КММ Қостанай қаласы Дружба т.а. Школьная көшесі 1а
Электрондық мекен-жайы:
Телефоны: 25-88-60
Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы Қостанай қ. Дружба т.а Школьная көшесі 1 «А» 110012
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну:
1) байқауға қатысу туралы өтініш
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)алдыңғы жұмыс орнынан ( еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде) ұсыным хат ;
11) кәсіби жетістіктер көрсеткіштері.